Бельгиядан анасын іздеп келген қазақ баласы Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген келіншектің ДНК сараптамасының қорытындысы жарияланды.
«Бармысың, бауырым?» редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншекті ДНҚ сараптамасын Әділет министрлігіне қарасты Сот-сараптама орталығы да тексерген еді, бірақ тест нәтижесі бойынша ол әйел Жәнібектің анасы болмай шықты.
Бағдарламаның жүргізушісі Қымбат Досжан қазақ баласының анасы болуы мүмкін деген Жазираның сараптама қорытындысы 0 деген көрсеткіш көрсеткенін айтты.
«Жәнібек баламыз Қазақстаннан кетерінде Арқалық қалылық полициясына өз атынан арыз жазып кеткен. «Менің кім екенімді, анамның кім екені» жөнінде сауалдарға жауап іздеймін деп сұрау салған. Біз Арқалық қаласына жол жүреміз. Ол жақта полиция біге көмектеседі деген ойдамыз. Өйткені тағы бір жіптің ұшы шығып тұр. Алдағы уақытта барлық мәліметпен бөлісіп отырамыз», – деді Қымбат Досжан.
Келесі апта «Бармысың, бауырым?» редакциясы Арқалыққа жол жүреді.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024