21-11-18 |
2830 рет қаралған
«Тарихымызды түлету күн тәртібінде тұр».
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы жарық көрді. Онда президент тарихқа кеңінен тоқталып, рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы сипатты болатын бірқатар жаңа бағыттарды анықтап, нақты жобалар концепциясын ұсынған.
Президенттің мақаласына түрлі сарапшылар пікір білдіріп жатыр. Мәселен, саясаттанушы Ерлан Саиров мақаланың тарихымызды түлетудегі өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, өзінің facebook парақшасында арнайы жазба жазды.
«Көңілге қонымды.
Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырларын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау өте өзекті.
Біз жаһандану заманына өзіміздің тамырымызбен, сол тамырымызды тереңдете отырып енуіміз өзекті.
Осы тұрғыда, өзіміздің толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде, және өзекті.
Отарлау кезеңінде, бізді, қазақтарды, тарихы болмаған, болмысы, бет-әлпеті жоқ, даланы кезіп жүрген халық ретінде көрсету әрекеттері болды.
Біз сол жүйелі әрекеттердің арқасында өзімііздің тарихымыздан айрылып қалдық, тарихты есімізге алғымыз келмеді, «тарихтан шаршау» синдромына іліктік…
«Халықты құртқың келсе, оның тарихын құрту керек, тарихын білмеген халық тобырға айналады» деген аспект бар.
Біз осынау «мәңгүрттік» заманды да басымыздан өткердік…
Жаһандану процесстері ұлттың өткені мен өткергенін басқаша көзқараспен сараптай отырып, болашаққа бағдар жасауды талап етеді…
Жаһандану әрқашан болған…
Халықтардың Ұлы көші, Алтын Орда, Дели сұлтанаты Ұлы даланың сценариімен болған жаһанданудың жобалары…
Осы тарихи жобалардың жетістіктерін әлі күнге дейін батыс иеленіп, пайдаланып келеді…
Атты қолға үйрету, үзеңгі, металлургия, алтыны өңдеу технологиялары біздің қасиетті жерде пайда болған…
Осы жайт батыс тарихнамасында жабулы қазақн болып тұр.
Ғылыми-техникалық прогресстің тарихшысы Линн Уайт «Үзеңгіні жасау адамзат тарихында ұшақ, автомобильді жасаумен тең революция жасады» дейді…
Бізге тарих арқылы, өзіміздің болашағымызға жол салу қажет…» деп жазады Ерлан Саиров.
Соңғы мақалалар.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.