29-11-19 |
1790 рет қаралған
Тауар бағасы жалақыдан 3-4 есе тез өсіп жатыр.
Тауар бағасы жалақыдан 3-4 есе тез өсіп жатыр

Елімізде соңғы төрт жылда тауар бағасы жалақыдан 3-4 есе тез өсіп кетті деп мәлімдейді «Атамекен» ҰКП презедиумының төрағасы Тимур Құлыбаев. Бұл туралы «Араша» ақпараттық порталы «LS» бизнес басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаттарының Ұлттық палата басшылығымен кездесуі барысында Төралқа басшысы соңғы төрт жылда азық – түлік тауарларының бағасы 37% – ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 42% – ға өскенін атап өтті. Бұл ретте халықтың нақты табысы тек 11% – ға өскенін айтты.

«Халықтың бастапқы қажеттіліктеріне табыстарының көлемі жетпегендіктен тұтынушылық кредиттер арқылы шешуге мәжбүр. Азаматтарды несиелеу көлемі 22% – ға немесе 6,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл үдерісте үлкен тәуекел бар. Мұндай кредиттердің жартысынан астамы кепілсіз берілді», – деді Құлыбаев.

Ол Үкімет мұғалімдер мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша шаралар қолданғанын атап өтті. Құлыбаевтың пікірінше, табысты тиімді арттыру үшін еңбекақы төлеу қорына үш жыл ішінде қосымша 2,9 трлн теңге бағыттау қажет.

«Саны 1,6 млн адамнан асатын бюджеттегілердің мәртебесін арттыру үшін еңбекақы өсуі қажет. Бюджеттегілер еңбегіне ақы төлеу қоры 2,2 трлн теңге сомасында бағаланғанын ескере отырып, жалақыны ұлғайту үшін мемлекеттік бюджеттен үш жылға қосымша шығыстары 2,9 трлн теңге немесе жыл сайын орташа 1 трлн теңге қажет. Сонымен қатар, біз азаматтардың кірістерінің өсуін бюджеттік шығыстар есебінен ғана қамтамасыз ету мүмкін еместігін түсінеміз. Еңбекке қабілетті халықтың 80% – ға жуығы мемлекеттік емес секторда жұмыс істейді. Сондықтан нақты секторды дамыту мәселелеріне назар аудару керек. Мұнда екі маңызды аспектілер бар: қаржыға қол жеткізу және өткізу», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Құлыбаев қазақстандық кәсіпорындардың қаржылық қиындықтарға тап болуына алаңдаушылық білдірді.

«Дүниежүзілік банк зерттеулерінің мәліметтері бойынша, кәсіпорындардың көпшілігінде (62%) одан әрі даму мүмкіндігі жоқ. Мұны біздегі деректер де растайды. Ағымдағы жылдың қазан айында жүргізілген экспресс-сауалнама бойынша өңдеу өнеркәсібі компанияларының 60% айналым қаражатына қарыз алып отырғанын көрсетті. Көбінесе бұл банктердің жоғары талаптарына, кредит бойынша жоғары ставкаға және кепіл базасының жетіспеушілігіне байланысты», – деп қортындылады ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.