16-04-24 |
12050 рет қаралған
«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда.

Республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясының «Киелі мекен» апталығында Панфилов ауданы бойынша бірқатар тазалық акциялары өтті. Атап айтқанда, ауданның киелі жерлері Әулие ағаш ауылындағы «Киелі ағаш» саябағында, Жаркент қаласындағы «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейінің аумағын, Қуғын сүргін құрбандарына арналған ескеркіштің маңайында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары және Жаркент қаласындағы Өсек өзенінің бойын тазалау жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акцияға 500-ге жуық аудан тұрғындары қатысып, 6 арнайы техника жұмырдылырып, 6 тонна қоқыс шығарылды.

Тазалық акциясына аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері, Ауған соғысының және Чернобыль апатының ардагерлері, жастар, жас суретшілер, волонтерлер белсене қатысты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.