04-12-19 |
1810 рет қаралған
Тоқаев шетел басылымына Назарбаевтың бейнесінде елдің әкесін көретінін айтты.
Тоқаев шетел басылымына Назарбаевтың бейнесінде елдің әкесін көретінін айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle-гі «Немцова. Интервью» бағдарламасына сұхбат беріп, әңгіме барысында журналист Жанна Немцова Тоқаевтан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы сұраған еді. Тоқаев Назарбаевтың бейнесінде елдің әкесін көретінін, онымен ақылдасып тұратынын да жасырмады.

«Нұрсұлтан Назарбаевтің бейнесінде біз Қазақстан Республикасының әкесін, негізін қалаушысын көреміз. Ол – үлкен құрметке ие, Ұлт көшбасшысы. Мен заңды түрде таңдалған президент, мемлекет басшысы, жоғарғы бас қолбасшымын. Арамызда ешқандай түсініспестік жоқ. Біз бір бірімізбен ақылдасып, кейде оның кеңесін де сұрайтынымды жасырмаймын. Мұнда ешқандай қос билік жоқ», – деген президент Тоқаев ел астанасының атын ауыстыру туралы да пікір білдірген: -» Ол Қазақстан Республикасының әкесі, негізін қалаушысы. Біз оның еңбегіне тиісті құрмет көрсетуіміз керек. Мұнда ешқандай артық кету жоқ. Нысандардың атын ауыстыруға оның өзі қарсы болды», – дейді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.