
Президент Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы шаралары туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
«Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бүгін тиісті жарлыққа қол қойылды. Үкіметке оны орындау үшін шұғыл шаралар жоспарын қабылдауға тапсырма берілді», – деп жазды мемлекет басшысы.
Заңда адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітіліп, мынадай жұмыс бағыттарын көзделді:
– БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
– адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
– мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
– әйелдерге қатысты кемсітуді жою; бірлесу бостандығына құқық;
– пікір білдіру бостандығына құқық; адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
– адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025