Мемлекет басшысы жаһандық жасыл экономикаға инвестиция арқасында бет бұра аламызды айтты. Жеке секторлар есебінен қаржыландыру маңызы артады.
Жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасаған Қасым-Жомарт Тоқаев бірде-бір мемлекеттің артта қалмауы үшін белсенді түрде халықаралық күшті жұмылдыруға шақырды.
«Салиқалы саясат пен инвестициялардың арқасында біз барынша жаһандық жасыл экономикаға қарай бет бұра аламыз. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жекеменшік, сондай-ақ, мемлекеттік секторлар есебінен қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру маңызды. Біз «COVID-19 пандемиясы кезеңінде дамуды қаржыландыру саласындағы халықаралық күш-жігерді жұмылдыру» аясында көпжақты іс-қимылды үйлестіруді қолдаймыз, – деді Қазақстан президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев нақты әрі экологиялық қайта қалпына келтіру ісі 2030 жылға дейінгі орнықты дамудың күн тәртібі мен Париж келісімінде көрсетілген міндеттердің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының пікірінше, 2021 жыл климаттың жылдам өзгеруін және қоршаған ортаның бұзылуын баяулатуға мүмкіндік беріп отыр.
«Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шараларды сауда және инвестицияларға қарсы қолданылатын кедергіге айналдырмау аса маңызды. Мен Қазақстанның осы игі бастамаларды нақты қолдайтынын растаймын», – деді президент.