Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкасын қабылдады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады», -деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбукте.
Бұған дейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Тараз маңындағы әскери қоймада жарылыс болғанын естігеннен кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты.
26 тамыз кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды. Белгілі болғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған.
Соңғы мәлімет бойынша төтенше жағдайдан 15 адам қаза тапты. Барлығының жеке басы анықталды.