«Біз әлі ешнәрсеге келіскен жоқпыз. Мен Парижге басқа себеппен барамын. Парижде кездесетінімізге сенімді емеспін. Бәлкім кездеспеспіз» деді Трамп 5 қараша күні.
Трамп пен Путин қарашаның 11-і күні Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толғанын атап өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Париждегі көпжақты кездесулерде екіжақты «айтарлықтай маңызды» келіссөз жүргізуге мүмкіндік болмайтынын, бірақ АҚШ пен Ресей президенттері бұдан кейін ресми түрде кездесу туралы мәміле жасау үшін ұдайы «байланысып тұратынын» айтқан.
Трамп Путинмен 30 қараша күні Аргентинада өтетін экономикасы дамыған жиырма ел (G20) басшыларының саммитінде кездесетінін айтты. Оның сөзінше, осыдан кейін «бірнеше рет кездесу болуы мүмкін».
АҚШ пен Ресей президенттері соңғы рет 16 шілдеде Хельсинкиде кездескенінде АҚШ-тағы демократтар мен республикашылдар Трампты «Путин 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына араласқанын табанды түрде жоққа шығарды» деген мәлімдемесі үшін қатты сынаған. Трамптың бұл сөзі АҚШ арнайы қызметінің «Ресей 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына килікті» деген тұжырымын тікелей жоққа шығарған.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024