«Конвенция бюросының сегізінші сессиясында бюроға 2019-2021 жылдары төрағалық ету Қазақстан жағына өтеді. Бұл Қазақстанның халықаралық құқықтан айнымайтын ел ретіндегі беделінің бұдан ары нығаюына септесіп, трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы жобаларды дайындап, іске асыруда ынтымақтастықты дамытады» деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
600-ден астам сарапшы, БҰҰ-ға мүше 90 елдің министрлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үш күн бойы климаттың өзгеруіне бейімделу, су ресурстары, азық-түлік, қуат көздері мен экожүйе арасындағы байланыс, трансшекаралық су ресурстарындағы ынтымақтастық және қаржыландыру мәселелерін талқылайды.
Трансшекаралық су ресурстары жөніндегі конвенция трансшекаралық суларды тиімді пайдалану және қорғауда ынтымақтастық орнатудың құқықтық базасын түзетін халықаралық құжат саналады.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
14.11.2024