Түркістанда 36 жастағы келіншек үшемнің анасы атанды. Балжан, Мағжан, Тоғжан есімді нәрестелер дәрігердің бақылауында, деп хабарлайды Arasha.kz.
Облыстық №1 периниталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанған Ленгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақерке Сергебаеваның денсаулығы жақсы. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.
Үшемдер перзентханадан шығуға әзір. Үшем дүние келген отбасының бір ұл мен үш қызы бар. Отағасы да, көп балалы ананың өзі де мектепте жұмыс істейді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысында 10 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Аймақта жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді.