Нұр-Сұлтан қаласында тыйымға қарамастан той жасалды. Жергілікті полиция департаменті мейрамханалардың біріне қонақ шақырып, ұзату тойын жасағандарды әшкереледі.
«Тыйымға қарамастан іс-шараны ұйымдастырушы 50-ге жуық қонақ шақырған. Отбасылық мереке тоқтатылды. Мейрамхана мен той иесі адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Бұл іске қатысты процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді полиция қызметкерлері.