Ел арасында «Үкілі бала» атымен танымал Ерболсын Серікбаев шоу-бизнесте бақ сынамақ. Қызылорда облысының Аралқұм жерінен шыққан емші бала arasha.kz-ке жеке басындағы жаңалықтарын айтып, сұқбат берді.
«Қазір музыкамен айналысып жүрмін. Бейнебаян шығаруға дайындық үстіндеміз. «Қазақ елі» атты ән жазылды. Азамат есімді жас әншімен дуэт болады. Бейнебаянды Ақтау, Алматы қаласында түсіру жоспарда бар. Сонымен қатар, болашақта Жан Ахмадиевпен бірге де өнер көрсететін боламын. Ол ән жазылып жатыр», -дейді Ерболсын Серікбаев.
Тоғыз жасынан адам қабылдаған жас емші 2013 жылы Ақтөбе қаласына көшіп келіп, медицина саласы бойынша білім алды. Қазір Қазақстанның барлық қалаларын аралап, ем жүргізеді.
«Қазір емге келем деушілер саны көбейді. Ай сайын жүргізілген емнің нәтижесін шығарып отырмын. Бұрынғыдай топтық емдер өтпейді. Күніге тек отыз адам ғана қабылдаймын. Жекелеген кездесулер бар. Шектеу шараларын күшейткенімізбен емге келгісі келетіндер саны аз емес. Негізінен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан сұраныс көп. Әсіресе, 20-30 жас аралығындағылар көп келеді», -дейді ол.
Ол өзін іздеп келушілерге талап қойған. Айтуынша, нәтижелі ем алғысы келетіндер ай сайын бес күндік курсты үш рет алуға тиіс. Сол кезде ғана құран аяттарымен жасалған ем нәтижелі болады деп сендірді.
«Мен жол апатынан жұлыны үзіліп, омыртқасы сынғандар мен онкологиялық ауру белгілері бар адамдарды қабылдамаймын. Себебі осыған дейін оларға қатысты емде нәтиже болған жоқ. Сонымен қатар, өкпесі қабынғандар мен бауыр циррозы ауруы, қант диабеті бар азаматтарға ем жүргізбеймін. Қазір көп жағдайда белсіздік, көз аурулары, басы ауырып, қан қысымына шағым айтатындар мен инсульт алғандарға жасалған ем нәтижелі болып тұр. Емге келіп, нәрестелі болып жатқандар көп», -дейді ол.
Сонымен қатар, жас емші жақында шаңырақ көтергелі жатқанын жасырмады.
«Қазіргі уақытта отбасымның барлық мүшесі Ақтөбе қаласына көшіп келді. Анам да, әкем де Ақтөбеде тұрып жатыр. Осы қалада салып бастаған коттедж құрылысын толықтай аяқтап бітірдім. Қазір бәріміз біргеміз. Сүйіктім бар. Ұсыныс жасадым. Ол студент. Тойға дайындық басталды. Жазда атап өтіледі. Беташарды Ақтөбе қаласында өткізіп, жастарға арналған тойды шетелде жасау жоспарым бар» -дейді Ерболсын Серікбаев.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024