arasha.kz

Үкімет әкімдерге мемлекеттік қызметкерлердің санын азайтуға тапсырма берді

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мемлекеттік органдардағы штат санын қысқарту туралы қаулыға қол қойды.

Қаулы мәтініне сәйкес, жаңа жылдан бастап министрліктерде, түрлі деңгейдегі әкімдіктерде штат санының лимиті өзгереді.

«Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2022 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін; 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін», – делінген қаулы мәтінінде.

Exit mobile version