04-12-18 |
1550 рет қаралған
Украина полициясы православ шіркеулерін тінтіген.
Украина полициясы бірнеше қаладағы православ шіркеулері мен дін қызметшілерінің үйін тінтіген. 

Украина қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Киев пен Житомир облысындағы бұл тінтулер алауыздық пен зорлықты қоздыру баптарымен қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілген.

Полициясының баспасөз хатшысы басылымдардың біріне «полиция Ресей православ шіркеуіне адал дін қызметкерлерінің үйі тінтіп жатқанын» айтқан.        

Бұған дейін Орыс православ шіркеуі Украинадағы 20 православ дін қызметкерін Украина қауіпсіздік қызметі шақырып, тергегенін хабарлаған.

Православ христиан шіркеулерінің негізгісі саналатын Түркиядағы орталық биыл Украин православ шіркеуіне Орыс шіркеуінен бөлініп, тәуелсіздік алуға рұқсат берген.   

Орыс шіркеуі бұған наразылық танытып, Түркиядағы орталықпен байланысын үзген.

Украин шіркеуі тәуелсіздік алып, Орыс шіркеуінен бөлінген соң Киев пен Мәскеу православ шіркеулері арасында Украинадағы шіркеулер, монастырлар мен тарихи нысандар кімге тиесілі деген дау туған.  

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.