09-01-23 |
2000 рет қаралған
Украина Симонян, Кисилев және тағы 117 адамға санкция салды.
Украина президенті Владимир Зеленский ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің ресейлік 119 азаматқа қатысты санкциясын күшіне енгізді. Жарлық президент сайтында жарияланды.  

Тізімге режиссер Никита Михалков, әртіс Евгений Петросян, саясаттанушы Александр Дугин, мемлекеттік «Россия сегодня» агенттігінің жетекшісі Маргарита Симонян және Дмитрий Киселев, тележүргізуші Жанна Бадоева, актерлар Дмитрий Дюжев, Дмитрий Харатьян, Михаил Галустян, әнші Лолита Милявская және футболшы Анатолий Тимощук енген.

Санкция сонымен бірге музыкант Сергей Лазарев, Александр Панайотов, Лариса Долина, Валерий Кипелов, Ирина Аллегрова, Филипп Киркоров, Стас Пьеха, Михаил Шуфутинский, Анита Цой, Сергей Бобунец, Василий Вакуленко (Баста) және өзге әншілерге салынған. 

Санкцияға сәйкес, олардың Украинадағы активтері бұғатталып, сауда операцияларына шектеу қойылады, Украина аумағында жүруіне тыйым салынады. Құжатта өзге де шектеулер қарастырылған. 

7 қаңтарда Украина православ шіркеуінің 13 священнигінің азаматтығы тоқтатылғаны белгілі болды. Дереккөзге сүйенген LB.ua сайтының жазуынша, жарлық 28 желтоқсанда шығарылғанмен жарияланбаған, себебі онда жеке деректер бар. 

LB.ua мәліметінше, мәселе митрополит Тульчинский және Брацлавский жөнінде болып отырған болуы мүмкін, Украина қауіпсіздік қызметі жуырда оған мемлекетке сатқындық жасау бабы бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеген. 

Кейінгі айларда Украина қауіпсіздік қызметі елдегі православ шіркеулерінде тінту жүргізген. Нәтижесінде құқық қорғау органдары «Украинаға қарсы өте көп материал» анықтаған, епархиядағы дін қызметкерлерінің Ресей азаматтығы барын дәлелдейтін құжаттар тапқан. 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.