24-01-19 |
2540 рет қаралған
ТМД-ның кейбір келісімдерінен шығу отарлықтан арылу ма?.
ТМД-ның кейбір келісімдерінен шығу отарлықтан арылу ма?

Украинаның үкіметі ТМД аясындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үш келісімнен шықты. Бұл құжаттарға экономикалық ақпарат алмасу туралы мемлекетаралық келісім, сыртқы экономикалық қызмет жөнінде ақпарат алмасу және сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі ынтымақтастық келісімі жатады.

Алғашқы екі келісімге 1992 жылы Минскіде және 1993 жылы Мәскеуде өткен ТМД саммитінде қол қойылған.

Үшінші келісім 1992 жылдың 15 мамырында Ташкентте өткен ТМД қатысушыларының халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарына мүшелікке кіру жөніндегі кездесуінде қабылданған.

Украина үкіметі мен сыртқы істер министрінің шешіміне сәйкес, таяу күндері ТМД-ның атқару комитетіне жоғарыда аталған келісімдерден шыққаны жөнінде хабар беріледі.

Украина 2018 жылдың желтоқсан айында   Ресеймен достық және ынтымақтастығы жөніндегі 1997 жылы қол қойылған келісімді тоқтату туралы заң қабылданған. Украина президенті мұны Киевтің отар болған өткенімен байланысты үзу ғана деп қабылдау керегін мәлімдеген.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.