27-11-18 |
1150 рет қаралған
Украинада президент сайлауы белгіленді.

Украина парламенті елде 2019 жылдың 31 наурызына президент сайлауын белгіледі. Қарашаның 26-сы күні өткен сессияда парламенттегі 450 депутаттың 298-і президент сайлауын 31 наурызда өткізуді қолдап дауыс берді.

Парламент президент сайлауы кампаниясына кедергі келтірмеу үшін әскери жағдайды президент ұсынғандай 60 күнге емес, 30 күнге жариялауды мақұлдады.

Украинада әскери жағдай Керчь бұғазында Ресей Украинаның үш әскери кемесін экипажымен бірге тұтқындағаннан кейін жарияланып отыр.

25 қараша күні таңертең Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, ұстап әкеткен. Бірнеше әскери жараланған. Ресей украин кемелерін территориясына «заңсыз кірді» деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні «алдын-ала ескертілгенін» айтып, Ресей әрекетін «бассыздық» деп атаған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.