arasha.kz

Украинаның ОСК президент сайлауының 2 туры қашан өтетінін жариялады

фото: 112.ua

фото: 112.ua

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы хаттамалардың 60%-ы санағаннан кейін кандидаттардың бірде-бірі сайлаушылардың көпшілік дауысын ала алмады деп ресми мәлімдеген.

ТАСС агенттігінің жазуынша: «Екінші тур болады. ОСК алдында өте жауапты міндет тұр, себебі соңғы нәтижелерді шығару мен 21 сәуірде екінші тур бойынша дауыс беруді тағайындау хаттамасына ОСК қол қоюы арасында уақыт өте қысқа», – деп мәлімдеді дүйсенбі күні брифингте ОСК төрағасы Татьяна Слипачук.

Қазіргі таңда Украина ОСК хаттамалардың 62,74% – ын өңдеді. Сайлау алдындағы жарыстың көшбасшысы Владимир Зеленский басқа кандидаттардан алға шығып, сайлаушылардың 30,40% дауысын алды. Екінші орында – Петр Порошенко 16,34%, ал «Батькивщина » партиясының көшбасшысы Юлия Тимошенко – 13,09% иеленді.

Дауыс беру жексенбі күні сағат 20:00-де аяқталды. Украина Президенті сайлауының екінші туры 21 сәуірде өтеді.

Exit mobile version