Ұлттық банк «Tilashar» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған монеталар «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады.
Монеталардың басты бетінінің (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY, REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазуы, төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін жазу орналасқан.
Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) мектеп атрибуты элементтері бар балалар суреттерінің бейнелері, монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін, соғылған жылы көрсетілген жазу орналасқан.
«Күмістен, мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет жағы мен сырт жағының бейнелері бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған, мельхиордан жасалған монеталарда интерференциялық құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған», – делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.
Монеталар:
– 925/1000 сынамды күмістен, массасы – 24 грамм, сапасы – proof, номиналы
– 500 теңге, дайындау таралымы – 5 000 дана;
– МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы 30 000 дана;
– МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 100 000 дана болып дайындалды.
«Бұл монеталардың барлығы олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады», – деп қосты Ұлттық банк.
Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024