arasha.kz

Ұлттық банктің алтын-валюта активтері 1,6 млрд долларға төмендеді

Ұлттық банктің алтын-валюта активтері 1,6 млрд долларға төмендеді. Бұл туралы бҰлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында айтты.

«Жалпы халықаралық резервтер биылғы мамырдың соңында 86,5 млрд доллар болды. Ұлттық банктің алтын-валюта активтері жыл басынан бері валюталық интервенциялар, екінші деңгейлі банк шоттарындағы қалдықтардың және сыртқы борыш бойынша төлемдердің есебінен 1,6 млрд долларға төмендеп, 32,8 млрд долларды құрады», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың активтері 53,8 млрд долларға жетті. Республикалық бюджетке 1,9 трлн теңге трансферт бөлу үшін биылғы 5 айда 2,3 млрд долларға валюталық активтер сатылды.

«Мұнай бағасының айтарлықтай өсуі аясында Ұлттық қорға түсетін түсімдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге жуық ұлғайып, жыл басынан бері 2,9 трлн теңге болды. Ұлттық қордың орташа жылдық кірістілігі құрылғаннан бастап 2022 жылдың 31 мамырына дейін 3,24 пайызды құрады. Соңғы 5 және 10 жылдағы кірістілік жылдық мәнде, тиісінше, 2, 3 және 1,75 пайыз болды», – деді Ғалымжан Пірматов.

Exit mobile version