Тағы бір атақты боксшы қызметке ие болды. Василий Левит енді Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарады.
2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы тұңғыш Азияның үш дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері.
Ол бұрын «Антикорда» жұмыс істеген. 2022 жылдан бастап ол жерде кадрлық дене шынықтыру бөлімін басқарды.