Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, бес баласы қаза болған жанұя тұрмысы төмен отбасы емес екен. Мұны вице-министр журналисттер үкімет отырысы барысында айтты.
«Әкімшіліктің ақпараты бойынша, ол жанұя тұрмысы төмен отбасыға жатпайды. Яғни кірістері жеткілікті болған» деді Светлана Жақыпов. Министрдің сөзіне қарағанда, бес баланың анасы еңбек келісімшартына сәйкес, жас босанған ана есепті оған қосымша уақыт беріледі әрі түнгі ауысымға шықпауына болады.
«Бұл отбасына төтенше жағдай өкілдері екі рет келген. Отбасының қандай жағдайда екенін көрген олар жағдайды әлеуметтік қорғау орындарына айтуы тиіс еді. Балалардың ата-анасымен сөйлескенімізде олар әлеуметтік көмек сұрамағандарын айтты» дейді вице-министр.
Светлана Жақыпованың атйуынша, отбасы балалардың жәрдемақысын алып отырған. Қазіргі кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әділет министрлігіне төрт және одан көп баласы бар отбасылардың нақты саны мен ақпаратын беру туралы сұраныс жасаған.
4-ақпанда Астанада үй өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза тапты. Балаларды бүгін ақтық сапарға шығарып салды.