arasha.kz

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болады

WhatsApp-ты құрушылар мессенджерге жаңа функция енгізбекші. Қазіргі уақытта жаңа функция сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл туралы wabetainfo.com жазады.

Ол функция арқылы қолданушы жазған хабарламасын белгілі бір уақыттан кейін өшіп қалатындай етіп жасай алады. Хабарлама қанша уақыттан кейін өшетінін қолданушы өзі таңдай алады. Мысалы – бір сағат, бір күн немесе бір ай деген сияқты уақыт белгілеуіне болады.

«Хабарламаны автоматты өшіру» Android операциялық жүйесі үшін мессенджердің 2.19.348 бета-үлгісінде пайда болды. Негізі бұл функцияның толық емес нұсқасы бұған дейінгі бета-үлгілерде «Жоғалып кететін хабарлама» деген атпен пайда болған.
Мессенджердің сынама үлгісінде опцияны «Байланыс туралы мағлұмат» немесе «Чатты топтық орнату» баптаулары арқылы қосуға болады. Дейтұрғанмен оны топ администраторлары ғана қолдана алады.
Exit mobile version