Сулайманов бұған мысалға республиканың 2020 жылға дейін сырттан көлік кіргізуде өз кедендік салық тарифін қолдану мүмкіндігі болғанын, соған қарамастан тариф көтерілгенін келтірді.
«2014 жылы Қырғызстанға 110 мың көлік кіргізілді. 2015 жылы – екі-ақ мың көлік. 2016 жылы 68 мың, 2017 жылы – 69 мың көлік кірді. Он мың адам жұмысынан айырылды. Көліктің жартысын қазақстандықтар сатып алды. Енді біз олардан сатып аламыз. Осы жылдары бюджетке бес миллиардтан 15 миллиард сомға дейінгі мөлшерде қаржы түсер еді, баға айырмасынан қаншама азаматымыз табыс тапқан болар еді» деді Сулайманов.
Депутат кеден салығының қымбаттағанына экс-премьер Темір Сариевті кінәлады.
14 қарашада Темір Сариев бейне үндеуінде Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы «тарихи тұрғыдан дұрыс шешім болғанын, елдің бұдан көп нәрсе ұтқанын мәлімдеген. Ол кедендік салық пен алымға қатысты 2020 жылға дейін жеңілдік кезеңін дұрыс пайдалану үшін үкімет 2015 жылы тарифтерді біртіндеп көбейтуге шешім қабылдағанын айтты.
2018 жылы шілдеде үкімет сырттан кіргізілетін, бензин және дизельмен жүретін көліктерге кедендік баж салығы мен алымды 2014 жылғы деңгейіне дейін төмендеткен.
ЕАЭО-мен жасалған келісімнің 26-тармағында келісім күшіне енген күннен бастап және 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Қырғызстанда құжатта белгіленген кедендік алым мен баж салығы қолданылмайтыны айтылған. Яғни, Қырғызстан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін өз тарифін белгілеу құқығын иеленген.
Қырғызстан ЕАЭО-ға 2015 жылы 12 тамызда қосылған.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024