19-11-18 |
1290 рет қаралған
Қырғызстанда Баткен облысы прокурорын өлтірген.
Қырғызстанда Баткен облысының прокуроры Анарбай Мамажақыповты өлтіріп кеткен. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жетекшісі Бакыт Сейітовтің айтуынша, прокурор қарашаның 18-іне қараған түні кісі қолынан мерт болған. Оның денесі қаланың шет жағынан табылған.

Құқық органдары прокурордың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Қырғызстандық кей басылымдар қылмысқа күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады.

«Прокурор қаза болатын күні күдіктіні онымен бірге көргендерін бірнеше куәгер айтқан. Прокурорды басынан доғал затпен ұрып өлтірген. Ұсталған кезде күдікті масаң болған. Қазір ол жауап беріп жатыр», – деп жазды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған Karktus.Media сайты.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.