02-11-18 |
1750 рет қаралған
Қырғызстанда террорлық ұйымның күдікті бірнеше «мүшесі» ұсталды
.
Қырғызстан билігі халықаралық террорлық ұйымға мүше болды деген күдікті тоғыз адамды ұстағанын хабарлады.

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) 2 қараша күні хабарлауынша, күдіктілер Шу облысында ұсталды. Олардың төртеуі – қырғызстандық, бесеуі – шетел азаматтары.

Арнайы қызмет мәліметіне қарағанда, күдіктілер 2017 жылдан бері Сирия мен Ауғанстандағы «террорлық топтар қатарына адам тартумен айналысқан» және Қырғызстанда «террорлық шабуылдар жасауды жоспарлаған».

МҰҚК хабарламасында қазір бұл бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын және Қазақстан билігі шетелдік арнайы қызметпен жұмыс істесіп жатқанын айтады.

Қырғызстан билігінің дерегінше, соңғы жылдары 500-ге тарта қырғыз азаматы Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы мен  басқа да террорлық топтарға қосылған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.