Қадыржан Батыров Қырғызстаннан 2010 жылы жазда Ош және Жалал-Абад облыстарында қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында болған жанжалдан соң кетіп қалған. Жанжалдан кем дегенде 450 адам қаза тауып, мыңдаған адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Құрбан болғандардың көбі – этникалық өзбектер.
Батыров 2011 жылы Швециядан саяси баспана алған. Қырғызстан соты оған 2010 жылы этникааралық араздық тудырып, жанжал ұйымдастырды деген айыппен сырттай өмірлік түрме жазасын кескен. Батыров кінәсі жоғын айтып, Қырғызстан билігі өзін кек алу мақсатында қудалап отырғанын мәлімдеген.
2016 жылы қыркүйекте Батыров Варвашада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының конференциясында сөйлеп, Қырғызстан билігінің өзінің елден кеткенін тергеу амалдарын сынаған.