Судья Марс Бодошевтың кінәлі екендігі толық дәлелденгенін айтып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кесті. Бодошевтың серігі Акмат Сейитов 7 жылға сотталды.
10 желтоқсанда өткен соттың жарыссөз кезеңінде прокурор соттан айыпталушы Марс Бодошевты «үйлену үшін қыз алып қашу» және»кісі өлтіру» қылмыстарына айыпты деп тануын сұраған.
Биыл 27 мамырда Шу облысының Жайыл аудандық ішкі істер бөлімінде 20 жастағы студент Бурулай Турдаалықызы қаза тапқан. Тергеу оны Марс Бодошев өлтірген деп тұжырым жасаған. Жігіт қызға үйленбек болып, оны алып қашқан. Милиция бөлімінде қызды пышақтап, өзін де жарақаттаған. Сотта Бодошов қызды алып қашқанын мойындаған, бірақ оны өлтірді деген айыпты жоққа шығарған.
Бұл оқиға Қырғызстан қоғамында резонанс тудырып, президент Сооронбай Жээнбеков үкіметке істің әділ тергелуін тапсырған.