27-11-18 |
21310 рет қаралған
Қытай азаматы Лю Цзиньчэн «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бас директоры болды.
Қытай азаматы Лю Цзиньчэн «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бас директоры болды

Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бас директоры болып, қытай азаматы Лю Цзиньчэн тағайындалды. Бұл туралы lada.kz жазады. Бұрын компанияның бас директоры қызметін Бақыт Иманбаев атқарған. Лю Цзиньчэн болса, бас директордың бірінші орынбасары болған.

Лю Цзиньчэн 2008-2014 жылдары «CNPC – Ай Дан Мұнай» АҚ президенті, 2014-2018 жылдары аралығында «Buzachi Operating Ltd» компаниясының бас директоры қызметтерінде болған.

«Маңғыстаумұнайгаз» – қазақстандық мұнайгаз компаниясы. Мұнай-газ саласындағы үздік бестікке кіреді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.