Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бас директоры болып, қытай азаматы Лю Цзиньчэн тағайындалды. Бұл туралы lada.kz жазады. Бұрын компанияның бас директоры қызметін Бақыт Иманбаев атқарған. Лю Цзиньчэн болса, бас директордың бірінші орынбасары болған.
Лю Цзиньчэн 2008-2014 жылдары «CNPC – Ай Дан Мұнай» АҚ президенті, 2014-2018 жылдары аралығында «Buzachi Operating Ltd» компаниясының бас директоры қызметтерінде болған.
«Маңғыстаумұнайгаз» – қазақстандық мұнайгаз компаниясы. Мұнай-газ саласындағы үздік бестікке кіреді.