09-12-18 |
1340 рет қаралған
Қытай Канадаға Huawei басшысына қатысты ескерту жасады.
Қытай Канаданы егер Huawei Technologies компаниясының атқарушы директоры Мэн Ванчжоуды АҚШ-қа экстрадициялайтын болса, оның теріс салдары болатыны туралы ескертті. Қытай азаматы әрі Huawei компаниясының негізін қалаушының қызы, Қытай азаматы Мэн Ванчжоуды Канада билігі Ванкувер әуежайында желтоқсанның 1-і күні ұстаған.

ВИДЕО: Huawei-дің атқарушы директоры Канадада ұсталды

Қытай сыртқы істер министрлігі Канаданың Пекиндегі елшісін шақыртып, Мэн Ванчжоуды қуғындауды дереу тоқтатуды талап еткен.

АҚШ билігі Мэн Ванчжоу Американың Иранға қатысты сауда санкциясын бұзып, сауда-саттық жасамақшы болған деп күдіктенеді. Оған қарсы америкалық бірнеше қарсы мекемесін алдау мақсатында қитұрқылық жасаған деген айып тағылған. АҚШ-қа экстрадицияланып, сот айыпты деп таныған жағдайда Мэн Ванчжоуға ұзақ мерзімді түрме жазасы тағайындалуы мүмкін деп хабарлайды Reuters.

Канада соты әзірше Мэн Ванчжоуды АҚШ-қа экстрадициялауға қатысты түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Оның мәселесі бойынша сот тыңдауы дүйсенбі күні жалғаспақ.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.