Қытайдың Түркиядағы елшілігі ресми Анкараның Шыңжаңдағы лагерьлерге қатысты мәлімдемесіне жауап берді. Пекиннің мәлімдемесі 10 ақпанда Қытайдың Түркиядағы елшілігінің сайтында жарияланды.
9 ақпанда Түркия сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Қытай билігінен Шыңжаңдағы лагерьлерді жабуды талап еткен. Анкара Шыңжаңдағы лагерьлерде «миллиондаған адам қысым көріп жатыр» деген.
Қытай Түркияның бұл мәлімдемесін «жалған айыптау» деп атады.
«Түркия тарапы Қытайдың терроризмен күрес саясатына түсіністікпен қарап, Қытайға қатысты мәлімдемесін жоққа шығарады деп үміттенеміз. Түркия бұл жалған айыптауының салдарын жою үшін шаралар қабылдайды деп үміттенеміз» деп жазылған Қытайдың жауабында.
Шыңжаң аймағындағы лагерьлер жайлы алғаш рет 2017 жылдың көктемінде айтала бастаған. БҰҰ Шыңжаңдағы «саяси тәрбиелеу орталықтарында» миллионға жуық адам «еркінен тыс» қамауда отырғанын мәлімдеген.
Қытай үкіметі басында бұл орталықтардың барын жоққа шығарып келді. Кейін Пекин қысымды «экстремизмге қарсы шара» деп мәлімдеді және «қамалғандар тіл үйреніп, кәсіп меңгеріп шығатынын» айтты.
Қазақстандағы қазақтар да Алматыда бірнеше рет жиын өткізіп, Қытайдағы жақындарының жаппай қамалып жатқанын айтқан. Олар Қазақстан билігінен, халықаралық ұйымдардан көмек сұраған.
Былтыр желтоқсанның соңында Пекин бірнеше елдің елшілерін Шыңжаңға апарып, “саяси тәрбиелеу орталықтарын” көрсеткен. Лагерьге барғандардың арасында Қазақстан елшілігінің қызметкері де бар. Ол Шыңжаңдағы саяси тәрбиелеу орталығында «жағдайдың жақсы» екенін айтқан.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024