24-10-18 |
1870 рет қаралған
Қытайда әлемдегі теңізге салынған ең ұзын көпір ашылды.
Қытайда Гонконгты құрлықпен жалғайтын әлемдегі теңізге салынған ең ұзын көпір ашылды. Көпір 10 жылға жуық уақыт салынды. Чжухай қаласында өткен көпірдің ашылу салтанатына Қытай төрағасы Си Цзиньпин қатысты.

Ұзындығы 55 километрге жететін көпірге кірме жолдар, аспалы шағын көпірлер мен туннель салынған. Көпір маңызды үш қала – Гонконг, Макао және Чжухайды жалғайды. 24 қазанда көпірден көлік тұрақты жүре бастады.

Көпірді салғандар оның жер сілкінісі мен дауылдарға төзімді екенін айтады. Құрылысқа 400 мың тонна болат жұмсалған. Мұндай көлемдегі болатқа 60 Эйфель мұнарасын салуға болады. Көпір ортасында жасанды екі аралды жалғайтын суасты туннелі бар. Туннель кемелер Чжуцзян өзенінің сағасынан кедергісіз өту үшін салынған.

Көпір жобасының құны 20 миллиард долларға бағаланған. Оны салу кезінде құрылыстың уақытынан кешігіп жатқаны және шығынның жоспардан асып кеткені туралы ақпараттар шыққан. Кейбір мәліметтер бойынша, көпірді салу кезінде кем дегенде 18 адам қаза тауып, жүз шақты жұмысшы жараланған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.