15-12-21 |
2740 рет қаралған
Желтоқсан оқиғасына саяси баға берілу керек.
Желтоқсан оқиғасына саяси баға берілу керек

Қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы желтоқсан оқиғасының әлі күнге дейін саяси бағасын алмағанын жазды. 

«Біз 1986 жылы Желтоқсан болып жатқанда біз бозбала болдық. Сол Желтоқсан көтерілісі арқасында жігерленіп, рухтанып өстік. Сондықтан Желтоқсан қаһармандары біз үшін әрдайым батыр! Қазір мақтан тұтып жүрген азаттығымыз да, сол азаттықпен бірге келген жетістіктеріміз де солардың арқасында орнады. Біз оларға жалпыұлттық лайықты саяси бағасын бере алмай жатырмыз. Олар арамызда жүрген тірі батырлар. Қарапайым студент, жұмысшытқыз-жігіттер жастық жігердің, ұлттық намыстың қандай болу керектігін бәрімізге көрсетіп кетті.
Ең бастысы құрбан болған жастарға лайықты құрмет көрсетілуі керек. Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» берілді. Басқаларына да берілуі керек. Қазақ халқының намысын қорғаған Ерболға біз әлі «Халық қаһарманы» атағын бермей жүрміз. Сол сияқты Сәбира Мұхамеджанова мен Ләззат Асановаға да «Халық Қаһарманы» атағы берілуі керек.
Белгісіз кеткен құрбандары қаншама?! Бастан ауыр жарақат алып, ауылға кеткен, ол жақта дәрігерге барудан сақсынып жүріп, жарақаты асқынған, соның салдарынан қайтыс болғандар бар.

Мұқтар Шаханов, Сабыр Қасымов ағаларымыздың арқасында және «Алтын қыран» қорының қолдауымен
«Желтоқсан. 1986. Декабрь. Документальная хроника» атты құжаттар жиынтығын шығардық. Зерттейтін жұмыстар әлі көп»,- деп жазды ол. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.