Алдағы күндері актер облыс губернаторы Андрей Травников және аймақтық мәдениет министрі Игорь Решетниковпен кездеседі. Жерар Депардье мүлік салығын төлемес үшін 5 жыл бұрын Франциядан кеткен еді. 2013 жылы қаңтар айында оған Ресей азаматтығы берілді. Арнайы жарлыққа Ресей президенті Владимир Путин қол қойған. Ол кезде Мордовия билігі актерге Саранскіден пәтер берген. Бірақ Депардье Ресейден кетіп қалған. Қазір Бельгияда тұрып жатыр.
2018 жылы жазда Депардьенің Мордовиядағы салық төлемеген азаматтардың қатарында екені хабарланған. Сот приставы актердің мүлкіне арест қоюға талпынғанмен мүлкін таба алмағандықтан істі тоқтатқан.
2015 жылы Украина Ресей азаматы Жерар Депардьені қара тізімге енгізіп, бес жыл бойы елге кіруге тыйым салған. Бұған дейін Ресей азаматтығын Голливуд актері Стивен Сигал, боксёр кіші-Рон Джонс және өзге де танымал азаматтар алған.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024