«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарға заманауи бейнебақылау және видеоталдау жүйелерін енгізіп жатыр. Жыл соңына дейін ҚТЖ пойыздарының барлығы бейнекамерамен жабдықталмақ. Бұл жүйелер жол үстіндегі қауіпсіздік, жайлылық және жедел әрекет ету деңгейін арттыруға бағытталған. Қазірдің өзінде пойыздарға 4000 камера орнатылған.
Бұл видеожүйелер әлеуетті қауіптерді дер кезінде анықтауға, ереже бұзушылықтарды тіркеуге және ұмытылған заттарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Камералардың орнатылуының арқасында 2024 жылмен салыстырғанда пойыздардағы құқықбұзушылық деңгейі 21%-ға азайған, жолаушылар шағымы 32%-ға қысқарған, ал жоғалған заттардың 91%-ы иелеріне қайтарылған.
Жаңа жолаушылар вагондары бейнебақылау жүйесімен толық жабдықталған күйінде жеткізіледі.
Бейнежазбалар ахуалды орталықтағы экран арқылы бақыланады. Онда мамандар жағдайды қадағалап, қалыптан тыс оқиғаларды талдайды.
фото: ҚТЖ