26-10-23 |
1220 рет қаралған
Жылжымайтын мүлік туралы анықтамалар – Kaspi.kz суперқосымшасында.
Жылжымайтын мүлік туралы анықтамалар – Kaspi.kz суперқосымшасында

Kaspi.kz қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінде сіз енді төмендегіанықтамаларды ала- аласыз:

  • Жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы
  • Тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

«БҰҰ мәліметі бойынша Қазақстан онлайн қызметтер индексі бойынша 8-ші орында. Қазақстандықтарға көлікті қайта тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, жеке кәсіпкерді тіркеу, мемлекеттік жәрдемақы алу, медициналық-әлеуметтік анықтамалар алу және басқа да көптеген қажетті мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бір жерге барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Әрі мұндай қызметтер көбейіп келеді. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, ҚР Әділет министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп біз тағы бір жаңа цифрлық қызметті: жылжымайтын мүлік туралы анықтаманы онлайн алуды іске қостық. Цифрлық қызметтерді бірлесіп дамытып, қазақстандықтардың өмірін жақсартуға мүмкіндік берген мемлекеттік органдарға рахмет!».

Бекболат Молдабеков, Әділет вице-министрі:

«Бүгінде мобильді қосымшалар арқылы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы 400 мыңға жуық ақпарат берілді, бұл тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті. Бұл функция ыңғайлы, телефонды бірнеше рет басу арқылы сіз өзіңізге де, балаңызға да жылжымайтын мүлік анықтамасын тегін ала аласыз. Қызмет ауқымын ұлғайту мақсатында бұл ақпараттық қызмет Kaspi.kz қосымшасында қолжетімді болды»

Ростислав Коняшкин, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы:

Жылжымайтын мүліктің болуы туралы анықтамалар қазақстандықтар арасында өте сұранысқа ие. Азаматтар оларды eGov.kz порталы мен eGov мобильді қосымшасынан алады, енді Kaspi.kz қосымшасында алу мүмкіндігі бар. Бірлескен жұмыстардың арқасында біз Govtech-ті бірге дамытып, қызметтерді алу үшін қосымша алаңдарды ұсынып жатқанымызға қуаныштымыз.

Жаңа қызмет Kaspi.kz супер қосымшасында «Цифрлық құжаттар/Анықтамалар» бөлімінде қолжетімді. Жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы анықтаманы немесе тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы қосымша ақпаратты Kaspi Гид бөлімінен қараңыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.