Нэнси Пелоси: Әлем автократия мен демократия алдында таңдауда тұр.
Нэнси Пелоси: Әлем автократия мен демократия алдында таңдауда тұр

АҚШ  Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мінген АҚШ-тың әскери әуе күштерінің арнайы ұшағы Тайуань астана Тайбейге келіп қонды. Бұл АҚШ ресми өкілдерінің Тайуаньға 25 жылдан кейінгі сапары.

Әлем назарындағы бұл оқиға тікелей эфирден көрсетіліп жатыр.

Тайуаньға табаны тие сала Нэнси Пелоси мәлімдеме жасады

«Конгресс делегациясының Тайваньға келуі – даму үстіндегі Тайвань демократиясына өзгермейтін қолдауын білдіреді. Тайвань басшылығымен кездесуде біздің серіктес елге қолдауымыз, біздің ортақ мүддемізді ілгерлету және Үнді-Тынық мұхитындағы ашық әрі еркін қозғалыс туралы болады.

Әлем автократия мен демократия алдында таңдауда тұрған қазіргідей сәтте 23 миллион халқы бар Тайваньға АҚШ-тың ниеттес, тілектестігі ауадай қажет», – деді Нэнси Пелоси.

Cондай-ақ Пелоси твиттерінде: «Тайваньға аттану арқылы біз демократияға адалдығымызды паш етеміз және Тайваньннің еркіндігі мен барлық демократияны құрметтеуге тиіспіз», – деп жазды.


Ал Қытай – ресми Пекин Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарын «АҚШ отпен ойнап отыр» деп бағалап, Қытайдың халық азаттық армиясы «қол қусырып қарап отырмайды» деді.

АҚШ-тың Жапониядағы әскери базасынан 22 ұшақ ұшып шығып, Тайваньға бет алғаны хабарланды. Сондай-ақ Қытайдың әскери ұшақтары да Тайваньға қарай ұшып шыққаны айтылды.

Қытай билігі Тайванның дербестігінен үзілді-кесілде бас тартады. Сыртпен қарым-қанастың барлығында осы мәселеге баса мән береді. Тайваньды өзінің бір провинциясы ретінде қарастырады және оны басқа елдіңде мойындауын талап етеді. Ал бұғаздағы ел өздерінің дербестігін үнемі айтып келеді. Бұны АҚШ бастаған бір қатар демократиалы елдерде қолдайды. Осы себепті де Қытай билігі Тайван Қытай билігін мойындамаса болашақта күш қолданатынын айтып күш көрсетуге дайын екендігін жасырмайды.

Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары АҚШ пен Қытай арасын қатты шиырықтырып, шырқау шегіне алып келді десе де болады. Екі алып державалардың қарым-қатынасы сәт санап қалай өзгеретінін бүкіл әлем бақылап отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk