Нүкістегі наразылықтан кейін мыңдаған адам жараланды.
Нүкістегі наразылықтан кейін мыңдаған адам жараланды

Қарақалпақcтан автономиясының Денсаулық сақтау министрлігі  Нүкіс қаласындағы наразылық акциясынан кейін мыңдаған адамның ауруханаға түскенін хабарлады.

Нүкіс қаласындағы Өзбекстан конституциясына енгізілген өзгертулерге қарсы наразылық шеруінен кейін мыңдаған адам ауруханаға жеткізілді.

«Мыңдаған жаралы ауруханаға жатқызылды, олар емделіп жатыр. Оларға медициналық көмек көрсетілуде», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Сұлтанбек Зияев Daryo.uz басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Алайда ол зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.

Еске салсақ, 1 шілдеде жергілікті билік Қарақалпақстандағы жағдай тұрақтанғанын хабарлады. Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қаза тапқандар санын нақтыламады. 

Наразылық шерулері 1 шілдеде үкімет референдумда аймақтың егемендігі мен Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығынан айыратын жаңа конституция жобасын ұсынғаннан кейін басталды.

Кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанды автономиядан айыру жөніндегі бастапқы жоспардан бас тартатынын хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk