19-11-20 | 12:38
“Нұр Отан” өзінің бағдарламасы жайлы үкіметтен есеп алды.
“Нұр Отан” өзінің бағдарламасы жайлы үкіметтен есеп алды

Мәжілістегі Nur Otan партиясының фракциясы үкіметтен партияның сайлауалды бағдарламасының қалай орындалып жатқаны жайлы есеп алды.

Мәжіліс төрағасы, Nur Otan партиясының фракциясының жетекшісі Н.Нығматулин, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек және үкімет мүшелері қатысқан жиналыста премьер-министр Асқар Мамин партиясының сайлауалды бағдарламасы орындалғанын айтты.

Асқар Маминнің партияға берген есебінде 559 мың жұмыс орны ашылып, 4 жылда 3 мың мектепке дейінгі мекемелер салынған, үш ауысымды мектептерді жою үшін 417 мектеп пайдалануға берілсе, биыл тағы 56 мектеп жұмыс істей бастаған. Және 400 ауылшаруашылығы саласында инфраструктуралық нысан да іске қосылған.

Сондай-ақ үкімет пандемия жағдайына байланысты отандық азық-түлікті молайту, ауылдарға интернет жеткізу мәселесінде біраз шаруаны орындай алмағаны да айтылған.

Соған қарамастан Н.Нығматулин жасалған істердің бәрі Н.Назарбаевтың құрған жүйесінің арқасы екенін атап өткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.