23-11-21 |
Nur Otan партиясының жаңа төрағасы: Парламент Тоқаевтың бақылауына өтті.
Nur Otan партиясының жаңа төрағасы: Парламент Тоқаевтың бақылауына өтті

Nur Otan партиясы кеңейтілген cаяси кеңесінің отырысында экс-президент Н.Назарбаев билік партиясының төрағалығын президент Тоқаевқа тапсырды. Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев партияны президент басқаруы тиіс деп Nur Otan партия төрағасы өкілетін тапсыруды ұйғарды. Өкілетті тапсыру процедурасы партия жарғысына сәйкес жүзеге асырылады» деп жазды Үкібай.

Оның айтуынша, партия жарғысына сәйкес «партия төрағасын сайлау және босату» мәселесі Nur Otan съезінде қаралуы тиіс. Оған дейін Назарбаев партия төрағасы болып береді. Алайда саяси шешім қабылданды.

Nur Otan партиясы Мәжілістің 76%, Сенаттың 69% иеленіп отыр. Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясын басқарады, Ассамблеядан 9 депутат бар. Әрі президент 15 сенаторды тікелей тағайындайды. Осылайша, парламент Nur Otan партиясының жаңа төрағасының толық бақылауына өтті деуге болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.