19-11-19 | 15:04
Nur Otan сотқа берген қоғам белсенділері 6 млн теңге айыппұл төлейді.
Nur Otan сотқа берген қоғам белсенділері 6 млн теңге айыппұл төлейді

Алматы қаласы, Жетісу аудандық соты Nur Otan партиясы және жекелеген адамдар шағымы бойынша қоғамдық белсенділер Альнур Ильяшев, Марат Тұрымбетов және Санавар Закироваға қатысты шешім шығарды.

Ферғана” сайтының жазуынша, сот шешімі бойынша айыпталушылар басқарушы билік партиясы Nur Otan өздеріне жеке партия құруға кедергі келтірді деген ақпаратты жоққа шығарып, шағымданушы төрт адамға 1,5 млн теңгеден моральды шығын және Nur Otan партиясының $150 көлеміндегі сот шығынын өтеу міндеттелді.

Бірақ белсенділер сот шешімімен келіспейтіндіктерін айтып, апелляциялық сотқа шағым түсіретіндіктерін айтады.

«Апелляциялық шағым түсіремін, сосын кассациялық, одан кейін БҰҰ-на шағымданам», — деп мәлімдеді Санавар Закирова. Оның айтуынша, егер апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалтырса, онда айыппұл қаржысын жинау үшін әр жұма сайын тиын салатын ыдыс ұстап, мешітте қайыр сұрауға тура келеді. «Ыдысыма Nur Otan үшін деп жазып қоямын. Ел менің садақа жинап жүргенімді көрсін, себебі менде алты миллион теңге жоқ», — деді Санавар Закирова.

Азаттық руһы” ақпараттық сайтының жазуынша Nur Otan партиясы мүшелері бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ.

«Сот шешімі бойынша қанша көлемде моральдық шығын өтеуді міндеттесе де, біз оны қайырымдылыққа жұмсаймыз деп шештік. Өйткені, айналамызда көпбаалалы аналар, мүгедектер, ардагерлер, зейнеткерлер сияқты көмекке мұқтаж жандар өте көп», – дейді «Nur Otan» партиясының мүшесі Тамара Шакирова. Ал сот шешімі шағымданушыларды  толықтай қанағаттандырады дейді.

 

Ал белсенді Альнур Ильяшев болса мен әрине эффективті меценаттықты қолдаймын, бірақ біреудің есебінен қайырымдылық жасау маған тән емес дейді.

” Cеніп тапсырылған қаражатты өздері басқаратын бизнес пен меншік иелерінің мүдделеріне қайшы осындай әрекеттер жасаған бір екі жекелеген адамдарды білемін. Өздеріңіз де білетін шығарсыздар біздің бюджетімізден қаражат Ақорданың “нұротандықтары” ұйымдастырып, іске асыратын бет-бедел қалыптастыру мақсатындағы (қайырымдылыққа кіретін) жобалар мен шараларды мысалға келтіруге болады. Осылардың қатарына бірқатар қытай “инвесторларын” салықтан босату да кіреді деп ойлаймын”, -деп жазады Альнур Ильяшев өзінің фейсбук парақшасында.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.