20-09-21 |
Нұр-Сұлтанда жүкті келіншекпен ұрысқан дәрігерге қатысты қызметтік тексеріс жүреді.
Нұр-Сұлтанда жүкті келіншекпен ұрысқан дәрігерге қатысты қызметтік тексеріс жүреді

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы елордалық әйел мен дәрігердің арасындағы болған жанжалға қатысты ішкі тексеріс жүретінін хабарлады.

Дәрігер мен науқас арасында болған түсініспестік желі оқырмандарының ашуын туғызды.

“Әйел жүктілігінің үзіліп кету қаупі бар болғандықтан ауруханаға келген. Бір сағат бойы  дәрігерді күтуге мәжбүр болған жүкті келіншекті гинеколог қараудан бас тартып, ұрсып, қуып шыққан”,- деген желідегі жазбада. 

 

Видеода гинеколог дәрігер науқасты қараудан бас тартып, өз кабинетінен шығуды талап еткен.

Денсаулық сақтау басқармасының өз айтары бар.

“Оқиға көп бейінді қалалық №2 орын алған. Желіде таралған бейнежазбаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіледі”, – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Басқарма өкілдері ауруханада видео және фото түсіруге болмайтынын айтып, заңға қайшы әрекет орын алғанын атап өтті. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.