26-11-18 | 15:44
Нуриджон Исмоилов: Бұл – ұлттық тарихты түсіну ісінде маңызды еңбек.
Нуриджон Исмоилов: Бұл – ұлттық тарихты түсіну ісінде маңызды еңбек

Өзбекстанда Нұрсұлтан Әбішұлының жеке қасиеттері әрқашан да жоғары бағалануда.

Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференцияда Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығарушы палатасының спикері Нуриджон Исмоилов осылай айтты.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы ең басты стратегиялық шешімдер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен жүзеге асырылды. Бүгінде Қазақстандағы президенттік билік өзінің тарихи міндетін жарқын үлгіде атқара алғанын сенімді айтуға болады. Өзбекстанда Нұрсұлтан Әбішұлының жеке қасиеттері әрқашан да жоғары бағалануда. Тәуелсіздік жылдарында екі ел басшылығы арасында мейірімді, ашық әрі достық қатынастар қалыптасты. Сәйкесінше, бұл бағыттағы қадамдар бауырлас халықтардың байланысына оңтайлы ықпал етті», – деп тоқталды Нуриджон Исмоилов.

Сонымен қатар, ол бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен екі ел парламенттері арасындағы қатынастардың перспективасы талқыланғанын, осы ынтымақтастықты тереңдету аясында тиісті меморандумға қол қойылғанын атап өтті.

«Біз Өзбекстанда Қазақстан Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен танысып шықтық. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы секілді таяуда жарияланған мақалада көтерілген тақырыптар Қазақстан халқының ұлы болашағына жол сілтейтін тереңнен ойластырылған бағыттарды қалыптастырды. Онда қамтылған идеялардың маңыздылығы зор. Бұл еңбектер ұлттық тарихты түсіну ісіне маңызды тәжірибелік үлесін қосады, сондай-ақ қазақстандық қоғамның тұрақты дамуындағы перспективаларды айқындауға ықпал етеді», – деді Нуриджон Исмоилов.

Дереккөз:inform.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.