Біз
әлеуметтік
желіде
11-05-25 |
210 рет қаралған
10 күннен бері іздеуде жүрген баланың денесі өзеннен табылды.
10 күннен бері іздеуде жүрген баланың денесі өзеннен табылды

Алты жастағы Қалмырза Жандәулет Ақмола облысының Қорғалжын ауданында 30 сәуірде жоғалып кеткен болатын. Кеше кешке қарай оның мәйіті табылды. Бала Нұра өзенінде суға батып кеткен.

«Баланы 10 күннен астам уақыт бойы полиция, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер және жанашыр азаматтар іздеді. Жоғалғаны туралы арыз түскен бойда қылмыстық іс қозғалды. Баланың денесі суға түскен жерден 12 шақырым төмен қарай табылды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір тергеу жалғасуда. Тергеу амалдарының нәтижесінде нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

«Орда» басылымы бұған дейін Шымкентте жылдар бойы ашық тұрған, лас сумен толған екі метрлік шұңқырға жеті жастағы баланың түсіп кетіп, қайтыс болғанын жазған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.