20-06-24 |
3880 рет қаралған
3 қабаттан құлаған әйел ағашқа ілініп қалды.
3 қабаттан құлаған әйел ағашқа ілініп қалды

Ақсу қаласында ТЖМ құтқарушылары пәтердің терезесінен құлаған әйелге көмекке келді.

«Павлодар облысының Ақсу қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылар күшімен үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйел ағаштан түсірілді», – делінген ТЖД таратқан мәліметте.

Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен көтеріліп, ағашта ілініп тұрған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.