Жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 автокөлік құралын заңсыз есепке тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істердің бірін ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр.
Бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
«Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемеу, электрондық өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану жолымен шетелден әкелінген көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырғаны анықталды», – делінген ҚМА таратқан мәліметте.