Біз
әлеуметтік
желіде
06-04-25 |
320 рет қаралған
700 кг героин контрабандасы: іс сотқа жолданды.
700 кг героин контрабандасы: іс сотқа жолданды

2024 жылдың мамыр айында Түркістан облысындағы «Б.Қонысбаев» шекара-кеден бақылау бекетінде ірі есірткі заттардың контрабандасы тоқтатылды. Шекарадан өтіп бара жатқан жүк көлігінен аяқ киімге арналған крем ретінде жасырылған 700 кг астам героин табылды.

Тергеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары Түркия Республикасының екі азаматының қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу нұсқасы бойынша, есірткі Қазақстан арқылы үшінші елдерге тасымалданбақ болған.

Сотқа дейінгі өндіріс аяқталғаннан кейін, Бас көлік прокуратурасы тергеу органныңұстанымымен келісіп қылмыстық істі Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.