14 желтоқсанда Алматы — Өскемен тасжолының 938-шақырымында желдің қатты екпіні Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді.
Оқиға орнына дереу полиция мен шұғыл қызмет өкілдері жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаның басты себебі — қолайсыз ауа райы.